RU

Индира Еділбаеваның Нағима Есқалиеваға келін болатыны рас па

Индира Еділбаева, Диас Аблаев пен Айым Сейтметова
Фото: Instagram/dias_ablayev

Желіде әншілер Индира Еділбаева мен Диас Аблаевтың жұп болып кездесіп жүргені жайлы қауесеттер тарап кетті. Оқырмандар жұлдыздарды көп жерде бірге байқай бастағандарын айтуда. Бұл ақпаратқа қатысты жұлдызды ене Нағима Есқалиева не ойлайтынын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Нағима Есқалиева ұлы Диас Аблаевтың жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, оның кіммен кездесіп жүргенінен бейхабар екенін айтты. Ол тіпті баласының Индира Еділбаевамен көңіл қосқаны жайлы қауесеттерді де естімеген болып шықты.

Эстрада жұлдызы бұл ақпараттың қаншалықты рас екенін білмейді. Алайда, ол отбасына әртіс келін түскенін аса қаламайтынын ашық айтты. Себебі, оның ойынша, жанұяның жұлдыздарға толып кеткені дұрыс емес.

Нағима Есқалиева ұлының жары қандай болғанын қалайтынын жеткізді. Бұл туралы ол "Paparazzi" бағдарламасында айтып берді. Сұхбат үзіндісі Instagarm желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланды.

"Бірінші рет естіп тұрмын. Құдай қаласа, көре жатармыз. Ал негізі бір отбасыда екі әртістің өзі көптік етеді. Оған тағы үшіншісі келіп қосылса, ол тіптен қиын жағдай. Бір үйде үш әртістің болуы күрделі мәселе. Индира екеуінің кездесіп жүрегін жайлы бірінші рет естіп тұрмын. Бұл жаңалықтан бейхабармын, сол себепті рас-өтірігін айта алмаймын.
Менің ойымша, ұлыма үй шаруасымен айналысатын, бала туатын, анасына қарайласатын жар керек. Сол себепті, әртістермен қалай болатынын білмеймін. Не болса да балам өзі шешетін болады. Бүгінде ұлым шығармашылықтан қолы босамай жатыр. Ол бір қызық дүниелер әзірлеп жатыр" , - дедә Нағима Есқалиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901371-indira-edilbaeva-nagima-esqalievaga-kelin-bolatyny-ras-pa/