Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтың жері тауар емес": Әнші Бүркіт жер мәселесіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Аиша мен Бүркіт
Фото: Instagram/berkut_aibekjan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Бүркіт жердің шетелдіктерге сатылмайтынына қатысты өз пікірін айтты. Бұл жаңалыққа аса қатты қуанған өнер иесі оны естіген бойда көзіне жас алғанын жасырмады. Әнші аталмыш жағдайдың шешілуіне септігін тигізген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз алғысын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айбек Жансейітов жер мәселесіне қатысты жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Әнші Қазақстан жерінің шетел азаматтарына сатылуына тыйым салған президентке алғысын айтып, оған деген құрметін көрсеткен.

Өнер иесі даулы мәселеде нүкте қойылғанына қатты қуанған.

"Мына жаңалықты естіп, көзімізден жас шығып кете жаздады ғой! Алақай! Бұл деген керемет жаңалық. Жеріміздің бір миллиметрі де шетелдіктерге сатылмайды. Тіпті жалға да берілмейді. Шетелдіктер үшін тегін ірімшік бітті. Мемлекет басшысы Тоқаев алды да нүкте қойды. Жеріміз - біздің байлығымыз. Қазақтардың байлығы. Президент ұзақ жылдар бойы шешілмей келген мәселеге нүкте қойды. Қазақтың жері тауар емес! Қасым-хан қазақ жерін жинаушы. Ал Тоқаев қазақ жерін сақтаушы. Рахмет сізге, Қасым-Жомарт Тоқаев! Еліміз жасасын" , - деп жазды Бүркіт.

Желі қолданушылары да эстрада жұлдызының айтқан сөздеріне қосылып, бұл жаңалыққа қуанғандарын айтты. Олардың сөзінше, бұл мәселе дер кезінде шешілді.

Еске сала кетейік, айтыскер ақын Балғынбек Имаш та жер мәселесіне қатысты өз пікірін айтқан болатын. Ол жердің өзге ел азаматтарына сатылмайтынына қуанғанымен, аталмыш жағдайға байланысты өз қосары бар екенін жеткізді. Өнер иесі мемлекеттік жерді қазақстандықтардың өзіне де сатпауға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901390-qazaqtyn-zeri-tauar-emes-ansi-burkit-zer-maselesine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel