RU

"Үйде жылап жатырмын": Ерке Есмахан 8 наурыз мерекесін қалай өткізгенін айтты

Ерке Есмахан гүл шоқтарымен
Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан 8 наурыз мерекесін қалай өткізгені туралы баяндап берді. Белгілі болғандай, өнер иесі халықаралық әйелдер күнінде үйінде жылап жатқан. Оған не себеп болғанын KAZ.NUR.KZ материланына біле аласыздар.

Ерке Есмахан атаулы мейрамды ойдағыдай тойлата алмаған. Әнші қатты сырқаттанып қалып, сүйіктісі екеуінің бұл күнге белгіленген барлық жоспарының күл-талқаны шыққан.

Өнер иесі мереке күні қатты ауырып, үйінде жылап жатқанын ашық айтты. Ол халықаралық әйелдер күні болған сәтсіздіктері туралы Instagram парақшасында сырын ақтарған.

Белгілі болғандай, эстрада жұлдызы ауырып қалса да, ғашығы оны құттықтаудың амалын тапқан.

"Бүгінгі мейрамды сонша күтіп едім, тойлау бұйырмаған екен. Ауырып, жылап, үйде жатырмын. Сүйіктім гүлі мен сыйлығын сыйлады. Оны алып алдым! Басымды көтере алмай жатсам да, ондай кезде тұрып кетесің ғой. Ол әрі қарай ресторанда романтикалық ужин дайындапты, оған бара алмайтынымызды түсініп тағы бір жылап алдым. Сүйтіп осы суретке түсіп, тамақ заказ беріп тойлап жатырмыз. Кештеу система аламын. Сіздерде қалай өтуде?
Ханымдар, мерекелеріңізбен! Ауырмаңыздар! Көктемнің күніндей шуақты болыңыздар, сүйікті болыңыздар! Отбасыларыңыз аман, төңірек түгел болсын! Молшылық болсын! Үйлеріңізден береке кетпесін! Балаларының бақытына әр ана бақытты болсын" , - деп жазды Ерке Есмахан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902446-uide-zylap-zatyrmyn-erke-esmaxan-8-nauryz-merekesin-qalai-otkizgenin-aitty/