Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шу ауданының әкімдігі: Бүркіт пен Аиша өнер көрсеткен той біздің ауданда болмады

Опубликовано:

Бүркіт пен Аиша
Бүркіт пен Аиша. Фото: tolqyn.kz

Елімізге танымал әнші Бүркіт Instagram желісіндегі парақшасында жары Аишамен бірге тойда ән салып тұрған видеосын жариялады. Роликте бірнеше адамның медициналық маскасыз жүргені көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Осыдан кейін желі қолданушылары жұлдызды жұпқа шүйлігіп, карантин кезінде той тойлап жүргендері үшін ашуланған.

"Карантин қайда?", "Той басталып кетті ма?", "Карантин кезінде мереке ұйымдастырған", - деп жазды көпшілік.

Кейін әнші пікір қалдыруды бұғаттап, "Шымкентте былтыр, тура 1 жыл бұрын болған мереке!" деп жазған.

Дегенмен Бүркіт пен Аиша қатысқан тойдан фото әнші Руслан Мамытовтың Instagram парақшасында жарияланған. Өнер иесі "Бүгінгі тойдан" деп жазба қалдырған. Бұл жазбаға қарап, тойдың 2021 жылғы 8 наурыз күні өткенін аңғаруға болады.

Сонымен қатар Жамбыл облысы, Шу ауданының әкімдігі Бүркіт пен Аиша бой көрсеткен тойдағы видео бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, зерделенгенін хабардар етті.

Әкімдіктің мәліметінше, аталған мейрамхана Шу ауданында орналаспаған.

Сонымен бірге ведомство қажет болған жағдайда аудан аумағында орналасқан барлық мейрамханалардың фотосын қосымша жолдай алатынын мәлім етті.

Айта кетейік, 1 наурыздан бастап елімізде карантин шаралары жеңілдетілгенімен, той жасауға әлі де рұқсат жоқ.

Еске сала кетсек, Шымкентте 2021 жылдың 1 қаңтардан бастап 2 наурызы аралығында карантин режимін бұзудың 953 дерегі анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902564-zambyl-oblysynyn-akimdigi-burikt-pen-aisa-oner-korsetken-toi-bizdin-onirde-bolmady/

pixel