Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте карантин режимін бұзудың мыңға жуық жайты анықталған

Опубликовано:

Мейрамхана
Көрнекі фото: piqsels.com

Шымкент қаласында карантин режимін бұзудың мыңға жуық жайты анықталды. Шырайлы шаһарда өз жұмысын қайта бастаған нысандарда мониторинг жүргізілуде деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Шымкент ҚПД жұмыс тобы Шымкент қаласының бас мемелекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 қаулысының 6-тармағына сәйкес өз жұмысын қайта бастаған нысандарына мониторинг жүргізілуде.

Полиция департамент қызметкерлері – рейдтік іс-шараларды жүргізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, мониторингтік топ құрамында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтайды, тіркейді және әкімшілік құқық бұзушылық фактісін растайтын материалдарды аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармаларға береді.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтардан бастап 02 наурыз аралығында барлығы анықталаған карантин режимін бұзудың – 953 жайты анықталды.

Оның ішінде: 

  • Түнгі клубтар, кафелерде, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік конторалар – 251;
  • Шаштараздарда, массаж салондарында, монша, сауна, әсімдік салондарда – 58;
  • Той немесе басқа да жиын өткізгендер – 116;
  • Дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда– 478;
  • Басқа да орындарда – 50.

Барлығы анықталған құқық бұзушылықтардың іс-құжаттары  Шымкент қаласының аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына өткізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901982-symkentte-karantin-rezimin-buzudyn-mynga-zuyq-zaity-anyqtalgan/

pixel