"Ер бала сияқты өсті": Жанар Айжанованың ағасы оның балалық шағын есіне алды
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жанар Айжанова балалық шағын есіне алып, кішкентай кезінде өзінің қандай болғанын айтып берді. Өнер иесінің ағасы оның ер бала сияқты өскенін жеткізіп, басынан өткен түрлі қызықты оқиғаларын банядады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жанар Айжанованың өзінен жасы үлкен ағасы оның қызыққа толы балалық шағы жайлы ел білмейтін көптеген жайттарды айтып берді. Серік Кетіков өнерлі қарындасының кішкентай кезі туралы "Еуразия бірінші" арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында сыр шертті.
"Ер бала сияқты өсті. Ер бала сияқты басы тақыр, кішкентай кекіл қоятын. Ол кезде шорты жоқ, қара трусы киіп алады. Жалаңаш. Бірінші сыныпқа барарда бұзық болып, мектеп формасын қыз баланікі деп кимей, шатақ шығарды. Бізбен бірге рогатка атып, ләңгі тебетін, аяқдоп ойнайтын. Мұғалімдері фамилиясын сұраған. Бұл «Айжанова» деген. Бірге оқыған сыныптасы «немене, сен әжеңнің фамилиясына жазылғансың ба?» деген ғой. Сол жерде сонымен шатысып, мұрнын қанатып келіпті" , - дейді ағасы Серік Кетіков.
Айта кетейік, бұған дейін Жанар Айжанова бірінші некесі туралы бар шындықты ақтарған болатын. Белгілі болғандай, өнер иесі бұрынғы енесімен бүгінде сырлас екен. Ол марқұм жолдасының анасымен әлі де жақсы араласып тұратынын жеткізді. Әнші тіпті екінші мәрте тұрмысқа шығарда ол кісіден рұқсат сұраған.
Сонымен қатар, Жанар Айжанова Бекболат Тілеухан екеуінің достығы туралы жан сырын ақтарып, көпшілік білмейтін жайтты айтып қойды. Белгілі болғандай, қоғам қайраткерінің анасы өнер иесін келін етуді қалаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902821-er-bala-siyaqty-osti-zanar-aizanovanyn-agasy-onyn-balalyq-sagyn-esine-aldy/