Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халқымыздың мәртебесін көтердің": Отандық жұлдыздар Иманбекті жеңісімен құттықтап жатыр

Опубликовано:

Иманбек Зейкенов
Иманбек Зейкенов. Фото: instagram.com/imanbekmusic

Қазақстандық жұлдыздар "Грэмми" жүлдесін алған Иманбек Зейкеновты құттықтап жатыр. Димаш Құдайберген диджей өз талантының арқасында халқымыздың мәртебесін көтергенін атап өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында жазған.

"Алтын бауырым, үлкен жеңісің құтты болсын! Өз талантыңмен біздің халқымыздың мәртебесін көтеріп тастадың!!! Бүгінгі бұл жұлдызды сәтің әлі талай ұзақ жылдар бойы сені алға жетелей берсін! Нағыз қазақтың DJ, ән өңдеушісі болса сендей-ақ болсын! Шаршама, талма, самға! Жарайсың!", - деп жазды Димаш.

Сонымен бірге "Грэмми" алған Иманбекті танымал әнші Айқын Төлепберген де құттықтады.

"Ел тарихында алғашқы рет GRAMMY сыйлығын алған қазақ жігіті @imanbekmusic құтты болсын!!! Мен министр болсам Нұр-Сұлтаннан пәтер берер едім! Бұл өте үлкен жетістік", - дейді Айқын.

Сондай-ақ Иманбекті жеңісімен қазақ эстрадасының жұлдызы Жанар Дұғалова да құттықтаған.

"Жерлесімді осындай тарихи жеңісімен құттықтаймын! Қуанышым қойныма сыймай отыр! Иманбек, сен не деген кереметсің! Алға Қазақстан! Алға Қазақстан! Алға Павлодар, алға Ақсу, - дейді Жанар Дұғалова.

Еске сала кетсек, өткен жылдың көктемінде Ұлыбританияның ресми синглдар чартында Ақсу қаласынан шыққан қазақстандық Иманбек Зейкеновтің Saint Jhn-ның "Roses" композициясына жасаған ремиксі көш бастаған еді. Қазақстандықтың трегі барлық уақыттағы ең көп сұралған үздік әндер қатарына енген болатын.

Композиция "Грэммиге" ұсынылды. Жеңімпаздар онлайн режимде марапатталды. Трансляция YouTube-тегі Recording Academy / GRAMMYs ресми каналында жүргізілді. "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық атанған Иманбек басты марапатқа ие болды.

Атақты болғанға дейін Иманбек теміржолшы болған, ол музыканы аяқ асты жаза бастаған. Бастамасы сәтті болғаннан кейін Иманбек Usher және Marshmello, Murana, Emma Peters, Stephanskiy, Parah Dice және Don Diablo сияқты танымал әртістермен тректер жазады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903316-xalqymyzdyn-martebesin-koterdin-otandyq-zuldyzdar-imanbekti-zenisimen-quttyqtap-zatyr/

pixel