Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Грэмми наш, наш": Иманбек өз жеңісіне қатысты қуанышқа толы пікір білдірді

Опубликовано:

Иманбек
Фото: Instagram / imanbekmusic

Беделді "Грэмми" жүлдесін алған алғашқы қазақстандық атанған Иманбек Зейкенов өзінің жеңісі туралы пікір білдірді.

Музыкант өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жүлдеге қатысты бірнеше строис жария етті. Иманбек жүлдені алғанына қуанышты екенін айтып, ағынан жарылды.

"Неге мен сонша бақытты екенімді тауып көріңіз? Кирилл, мен неге сонша бақыттымын? Себебі "Грэмми" біздікі, біздікі", - дейді музыкант видеороликте.

Бейнежазбалардың бірінде ол менеджерімен бірге жеңісті мерекелік дастархан басында атап өтуде.

Еске салайық, өткен жылдың көктемінде Ұлыбританияның ресми синглдар чартында Ақсу қаласынан шыққан қазақстандық Иманбек Зейкеновтің Saint Jhn-ның "Roses" композициясына жасаған ремиксі көш бастаған еді. Қазақстандықтың трегі барлық уақыттағы ең көп сұралған үздік әндер қатарына енген болатын.

Композиция "Грэммиге" ұсынылды. Жеңімпаздар онлайн режимде марапатталды. Трансляция YouTube-тегі Recording Academy / GRAMMYs ресми каналында жүргізілді. "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық атанған Иманбек басты марапатқа ие болды.

Атақты болғанға дейін Иманбек теміржолшы болған, ол музыканы аяқ асты жаза бастаған. Бастамасы сәтті болғаннан кейін Иманбек Usher және Marshmello, Murana, Emma Peters, Stephanskiy, Parah Dice және Don Diablo сияқты танымал әртістермен тректер жазады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903291-gremmi-bizdiki-bizdiki-imanbek-zenisine-qatysty-quanysqa-toly-pikir-bildirdi/

pixel