Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ару Татарстандағы сұлулық байқауында жеңіске жетті (фото)

Опубликовано:

Карина
Карина Кабдуллина. Фото: instagram.com/karina_kabdullina

Қазақстан өкілі Карина Кабдуллина Татарстанда Наурыз мерекесінің құрметіне орай ұйымдастырылған "Наурыз – 2021 сұлуы" байқауында жеңіске жетті деп хабарлайды "Татар-информ".

Байқауға Татарстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан және Башқұрстан елдерінің арулары қатысқан.

Нәтижесінде бас жүлде ел намысын қорғаған Карина Кабдуллинаға бұйырса, бірінші вице-мисс атағын Өзбекстан өкілі Юлия Ким, екінші вице-мисс атағын қырғызстандық Диана Зулпуева иеленген.

Жеңімпаздар74
Байқау жеңімпаздары. Фото: tatar-inform.ru

Татарстан атынан сынға түскен Камилла Равилова байқаудың "ең нәзік сұлуы" деп танылса, тәжікстандық бойжеткен "ең талантты" ару, ал башқұртстандық Яна Анварова "көрермен көзайымы" титулын жеңіп алды.

Айта кетейік, Карина Кабдуллина 19 жаста. Ол Қарағанды медицина университетінің студенті.

Бойжеткен 2019 жылы университтің бірінші вице-мисс атағын және "мисс интеллект" атағын жеңіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1904351-qazaqstandyq-aru-tatarstandagy-sululyq-baiqauynda-zeniske-zetti-foto/

pixel