Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған қарап қалды ма": Мейрамханада ұсталған Қайрат Нұртас оқиғаға пікір білдірді

Жарияланған күні:

Фото
Фото: instagram.com/kair_n

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас Алматыдағы карантин уақытында мейрамханалардың бірінде өзінің ұсталуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы өзінің мониторингтік топқа ұсталып қалғанына қатысты Instagram парақшасындағы stories-де пікір білдірген.

"Ассалаумағалейкүм, қалайсыздар? Амансыздар ма? Не әңгіме болып жатыр? Қашты дей ме? Құдайға шүкір, Алматыда жүрміз. Кеше бір ағаларымыздың туған күніне барып едік. Дәл мені ұстағысы келді ме, білмеймін әйтеуір, маған қарап қалды ма? Бірақ, Алланың көзі тура болсын. Құдай бар ғой, жақсылық болсын!", - дейді Қайрат Нұртас.

Еске сала кетсек, бұған дейін мониторингтік топтан қашпақ болған Қайрат Нұртас видеоға түсіп қалған еді. Осы сәтті Алматы телеарнасының тілшілері түсіріп алған.

Әншіні көлеңкелеуге тырысқан күзетшілер тілшілерге тап берген. Тіпті, телеарнаның операторына шабуыл жасап, камераны сындыруға тырысқан.

Айта кетсек, мониторингтік топ пен қалалық штабтың мамандары бірлесіп, көңіл көтеретін орынның ішіне 3 сағат дегенде әзер кірген.

Бұл Қайрат Нұртастың аты аталған алғашқы жағдай емес. Осыған дейін әлеуметтік желіде Семейдегі мейрамханалардың бірінде болған тойдың видеосы тараған еді. Желі қолданушыларының сөзінше, мерекелік шарада Қайрат Нұртас та болған. Артынша ролик желіден өшірілді. 

Кейінірек, жағдайға қатысты Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1904710-magan-qarap-qaldy-ma-meiramxanada-ustalgan-qairat-nurtas-oqigaga-pikir-bildirdi/