Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас Семейде тойға барды деген күдікке ілінді: Тиісті мекеме пікір білдірді

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/kair_n

Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері танымал әнші Қайрат Нұртас қатысты деген тойға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды YK-news.kz.

Еске сала кетсек, осыған дейін әлеуметтік желіде Семейдегі мейрамханалардың бірінде болған тойдың видеосы тараған еді. Желі қолданушыларының сөзінше, мерекелік шарада Қайрат Нұртас та болған. Артынша ролик желіден өшірілді. 

Бұл жағдайға қатысты Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті пікір білдірді.

"Танымал әншіге қатысты видео 23 наурыздан кейін әртүрлі желілерде жариялана бастады. Ал мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес республика аумағында бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Қазіргі кезде қазақстандық әншінің қатысуымен өткен жиынға баланысты мейрамхана иесі мен лауазымды тұлғаға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны туралы полициядан алынған материалдар негізінде тиісті шара қабылдау мәселесі қарастырылып жатыр", – делінген хабарламада.

Скриншот
Скриншот: Instagram/kazpress.kz

Қазір Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуде, оның нәтижесі бойынша кінәлілер "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша жазалануы мүмкін.

"Шығыс Қазақстан облысының "жасыл"аймақта орналасуы белгілі бір карантин шектеулерін сақтамауға болады дегенді білдірмейді", - деп толықтырды ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904550-qairat-nurtas-semeide-toiga-bardy-degen-kudikke-ilinde-tiisti-mekeme-pikir-bildirdi/

pixel