Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дулыға Ақмолда: Әйелім тоқал алуға рұқсатын берген

Опубликовано:

Дулыға Ақмолда
Дулыға Ақмолда. Фото: Видеодан кадр

Кино және театр актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда "Ең алғашқы" бағдарламасына ауқымды сұхбат беріп, өзі жайлы бірқатар тың мәліметтермен бөлісті. Өнер иесі тіпті тоқал алу мәселесіне қатысты қандай ойда екенін айтты.

Бүгінде үш қыз тәрбиелеп отырған талантты актердің отбасына ұл бала дүниеге келген, алайда нәресте күйінде шетінеп кеткен.

Киножұлдыздың сөзінше, келіншегі оған тоқал алуға рұқсатын берген. Алайда, ол ұрпақ үшін ұйып отырған отбасының берекесін кетіргісі келмейтінін жеткізді.

"Әйелім Айгүл егер қажет болатын болса, мен саған өз рұқсатымды берем деген. Бірақ оның өзінің сәті, жөні, жолы болуы керек. Ойбай, маған ұл бала керек екен деп, үйлене салуға болмайды. Ұрпақ үшін деп, ұйып отырған отбасының берекесін кетіруге болмайды. Оған үлкен жауапкершілікпен, қадаммен бару керек. Тоқал алу менің дәл бүгінгі жоспарымда жоқ, алайда Алла сәтін салып жатса. Ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін. Әйелім рұқсат берсе, болды міне алам деуден аулақпын. Өйткені, мен үшін отбасым қымбат. Қыз балаға деген әкенің көңіл болуы ерекше, оны тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Олардан қымбат мен үшін ешнәрсе жоқ. Сондықтан әзір мен ондай қадамға дайын емеспін", - деп ағынан жарылды актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1904774-dulyga-aqmolda-aielim-toqal-aluga-ruqsatyn-bergen/

pixel