Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арақты тастауға ата-анам көмектесті": Дулыға Ақмолда басынан өткен ауыр кезеңді есіне алды

Опубликовано:

Дулыға Ақмолда
Дулыға Ақмолда. Фото: Видеодан кадр

Осы жылы 50-ге толатын кино және театр актері Дулыға Ақмолда өткеніне үңіліп, басынан өткен ауыр кезеңдерді есіне алды. Ол өнер жолына қалай келгенін, арасында адасып, ащы суды ермек еткенін бүкпесіз баяндап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дулыға Ақмолда өмірінде орын алған қиын сәттері туралы жан сырын "Ең алғашқы" бағдарламасында ақтарды. Өнер иесі ащы су салдарынан абыройы түскен кездері де болғанын жасырмады.

"Бір адамдай ішіп көрдік, дәмін таттық. Соның кесірінен бүлдірген жерлеріміз де көп болды. Тірнектеп жиған абыройымызды етектеп шашқан кездеріміз де болды. Оны да жасырмаймын" , - дейді актер.

Алайда ата-анасының, бауырларының көмегімен арақты тастаған Дулыға Ақмолда бүгінде мұны өнер иелеріне мүлдем керек емес, зиянды әдет санайды.

"Оны кезінде еркелік деп те ойладық. Алайда бұл адамның өзін-өзі алдауы, содан көмек іздегендей тәуелділік екен оның барлығы. Оның үстіне, өнер адамы үшін мұның қажетсіз нәрсе екенін мен түсіндім. Әке-шешем, бауырларым арақты тастап кетуіме, қоюыма көп себепкер болды. Енді ішкенде, түбін түсіріп, құлап жаттым деп айта алмаймын. Бірақ біраз дос болғанымыз рас", - дейді Дулыға Ақмолда.

Айта кетейік, бұған дейін Дулыға Ақмолда тоқал алу мәселесіне қатысты өз ойын айтқан болатын. Өнер иесінің жары оған екінші әйел алуға рұқсатын да беріп қойған болып шықты. Алайда, бүгінде үш қыз тәрбиелеп отырған киножұлдыз ұлды болу үшін отбасының берекесін кетіргісі келмейтінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1904782-araqty-tastauyma-ata-anam-komektesti-dulyga-aqmolda-basynan-otken-auyr-kezendi-esine-aldy/

pixel