Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларыңды үйге қайтар": Кішкентай кезіндегі суретімен бөліскен Қайрат Нұртас елден сөз естіді

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/kair_n

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас желіде бала күнгі суретімен бөлісті. Көпшілік әртістің кішкентай ұлы Ханның әкесінен айнымай қалғанын жарыса жазды. Кейбір желі қолданушылары өнер иесінің ажырасқаны туралы қауесеттерінен кейін оны сынға алып, балаларын үйіне қайтаруға кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас кішкентай кезіндегі фотосын Instagram парақшасында жариялаған. Онда бас киім киіп алған балақай Қайраттың қолында ойыншық ұстап отырғанын көруге болады.

Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызының бала күнгі суретіне тәнті болып, оған өз жылы лебіздерін білдірген. Қалың көпшілік әнші мен оның кіші ұлы Ханның өзара қатты ұқсайтындарына таңдаған.

"Ханның көшірмесі" , "Хан әкесінен айнымайды екен ғой" , "Мен мына баланы Хан деп қалдым. Әкесі мен баласы қалай қатты ұқсайды" , " Тәтті балақай" , "Еш өзгермеген" , "Бұд Хан емес пе?" , "Хан әкесінің аузынан түсіп қалғандай" , " Хан деп қалдым. Ұлыңыз сізге қатты ұқсайды екен" , - деп жазды халық.

Кейбір оқырмандар әншіні сынға алып та үлгерді. Олар Алматыдағы мейрамханада орын алған жанжалды Қайраттың есіне салды.

Айта кету керек, карантинде ұйымдастырылған той үстінде ұсталған әртіс пен өзге де адамдарға айыппұл салынған болатын.

"Көділдірігің қайда?" , "Ол көзілдірікпен дүниеге келді ғой" , "Қайрат ағаңның туған күнін қалай атап өттің? Ағаң мықты екен бірден 200 адамға дастархан жайыпты" , - деп жазуда олар.

Сонымен қатар, өнер иесінің отбасына асқан алаңдаушылық білдіргендер де табылды. Олар Қайрат пен Жұлдыздың ажырасқаны жайлы қауесеттерден кейін, ерлі-зайыптыларды қосуға ниеттенді.

"Өзің әлі баласың" , "Балаларыңды үйге қайтар. Олар болса далада қалды. Бір бөлмеге сыймай жүр" , - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1905723-balalaryndy-uige-qaitar-kiskentai-kezindegi-suretimen-bolisken-qairat-nurtas-elden-soz-estidi/

pixel