RU

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртаспен ажырасты дегендерге жауап берді (видео)

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жолдасы Қайрат Нұртаспен ажырасып кеткені жайлы қауесеттерге нүкте қойды. "Әлем ханымы-2020" өзімен асханада тамақ ішіп отырған күйеуінің видеосын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова отағасымен түскен бейнежазбасымен Instagram желісіндегі Stories бөлімінде бөліскен.

"Қайрат қайда? деген толассыз сұрақтарға бір жауап. Бәрі оны іздеп жатыр. Ал ол болса үйде осылай отыр" , - деді хитменнің жары.

Өнер иесінің өзі бұл сәтте кешкі ас пен қымыз ішіп отырған. Ол келіншегінің даярлаған тағамына бағасын беріп, оған өз алғысын білдірген.

Алматылық мейрамханада ұсталып дауға қалған Қайрат Нұртастың отбасы әлі де көпшілік назарында жүр. Желі қолданушылары бір-бірін Instagram-да өшіріп тастап, бірге түскен суреттермен бөліспей кеткен ерлі-зайыптыларды ажырасып кетті деп болжауда.

Жұлдыз Әбдікәрімова өз жазбасымен ел арасында тарап жатқан қауесеттерді одан бетер ушықтыра түсті. Хитменнің жары балаларына бір бөлмеде тар болғандықтан, қазіргі таңда жаңа үй іздеп жатқанын хабарлады. Бұл жазбадан кейін көпшілік ерлі-зайыптылардың бөлек тұрып жатқандарына кәміл сенімді болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1906494-zuldyz-abdikarimova-qairat-nurtaspen-azyrasty-degenderge-zauap-berdi-video/