Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббат жас таңдамайды": 55 жастағы әнші Шахизада тұрмысқа шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Шахизада сүйіктісімен
Фото: Instagram/shahizada.art

Қазақстандық танымал әнші Шахизада Байбатжанова тұрмысқа шықты. Өнер иесі мен оның сүйіктісі шариғат бойынша некелерін қидырған. Бұл қуанышты жаңалықпен әртістің өзі әлеуметтік желілерде хабарлады. Бақыттан басы айналған эстрада жұлдызы ғашығының түрін көпшілікке әзірге көрсетуге дайын емес екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

55 жастағы Шахизада Instagram парақшасында жанкүйерлеріне видео жолдап, өзінің тұрмысқа шыққалы жатқанын хабарлады.

"Сәлем қыздар. Әрбір әйел бақытты болуға лайықты деп айтар едім. Бақытты болыңыздар. Бүгінгі күн мен үшін аса бақытты күн. Тұрмысқа шығып, неке қиятын күнім. Сіздер де маған бақыт тілеп қойыңыздар. Бақыттарыңыз, сүйіктілеріңіз қастарыңызда болсын. Сүйіктілеріңіздің сүйіктісі болып жүре беріңіздер. Бақыт тілеймін сіздерге" - деді әнші.

Сонымен қатар, өнер иесі кейіннен парақшасында жаңа суреттер мен видеомен бөлісті.

"Аллаға шукір. Бүгінгі күн біз үшін ерекше бақытты күн. Махаббат жас таңдамайды. Адамның көңілі қартаймайды. Достарым, сіздерге мың алғыс. Жақсы, таза көңіл тілектеріңізге. Бақытты болыңыздар, жақсыларым", - деп жазды Шахизада.

Шоу-бизнес өкілі әзірге жолдасының түрін халыққа көрсеткісі келмейді. Ол "көз тиеді" деп қорықса керек.

Желі қолданушылары өз бақытын тапқан әртіс үшін аса қатты қуанып, оған деген өз ақ тілектерін қарша жаудырды.

"Дұрыс. Жалғыздық құдайға ғана жарасады" , "Дұрыс, әйел заты үнемі балаларын ғана ойлай бермей, бір уақыт өзін де ойлау керек" , "Қандай керемет жаңалық", "Шахизада ханым бақытты болыңыз" , "Сүйіктіңіз екеуіңізге шексіз махаббат тілейміз. Құтты болсын! Қуаныш, той көп болсын. Аттаған ақ босағаңыз құтты, жайлы, берекелі, ырысты, несібелі болсын. Бақыттарыңыз баянды болсын. Ұстасқан қолдарыңыз ажырамай мәңгілік болсын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақтарыңыз бақытқа толы болсын" , - деп жазуда оқырмандар.

Алайда, пікір білдірушілер арасында әншінің әрекетін сынға алғандар да табылды.

"Осы әртістер мешітке барып неке қиюды әдетке айналдырғандай. Сізді бекер таңдамаса керек. Байқап жүріңіз", "Оның түрін жасыратындай кішкентай қыз емессіз ғой" , "Жас па? Кәрі ме" , - деп сұрақтың астына алды олар.

Айта кету керек, Шахизада Байбатжанованың Олжас есімді ұлы мен үш немересі бар. Өнер иесі көп уақытын бала-шағасына арнайды.

Оған қоса, әнші бұған дейін екі мәрте тұрмыста болған. Алайда, қос некесі де сәтсіз аяқталды. Әртістің ұлы оның өз адамын тауып, бақытты болуын қатты армандаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1906905-maxabbat-zas-tandamaidy-55-zastagy-ansi-saxizada-turmysqa-syqty-foto-video/

pixel