Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үшінші перзентін дүниеге әкелген Айгүл Мүкей перзентханадан шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Айгүл Мүкей ұлы мен қызымен
Фото: Instagram/aigulmukei

Жақында ғана үшінші баласын босанған тележүргізуші Айгүл Мүкей перзентханадан шықты. Ақпарат өкілінің жолдасы жары мен мен сәбиін үйіне алып кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

46 жасында үшінші мәрте балалы болған Айгүл Мүкейдің перзентханадан шығуы нағыз мерекелік шара секілді өткен. Тележүргізушінің жолдасы мен жақындары оған ерекше тосын сый дайындаған. Олар көптен күткен күн үшін арнайы әншілерді шақыртып, медициналық мекемеде кішігірім концерт ұйымдастырған.

Ақпарат өкілі өзінің перзентханадан шыққан сәтімен Instagram парақшасында бөліскен. Ол ерекше видеоларды жариялап, көпшілікке өміріндегі бақытты күндерінің бірі қалай өткенін көрсетті.

Айгүл Мүкейді өз отбасы мен туыстарынан басқа жұлдызды құрбылары Ләйлә Сұлтанқызы, Динара Сәтжан мен Диана Қырықбай да құттықтап барды. Тележүргізушінің қуанышына ортақтасқан жандар оны гүл шоқтарына көмкеріп, өз ақ тілектерін жолдаған.

Сонымен қатар, ақпарат өкілі бөліскен бейнежазбалардың бірінен нәрестенің туған әпкесімен алғаш көрісуіне куә болуға болады. Бұл ерекше сәт желідегілердің жүрегін елжіретті.

Айта кетейік, Айгүл Мүкейдің үшінші перзентін 7 сәуір күні дүниеге алып келген болатын. Тележүргізуші ұлына Сұлтан-Әли деген есім берген.

Ақпарат өкілі мен оның жолдасы жаңадан туған сәбиден басқа бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1907395-usinsi-perzentin-duniege-akelgen-aigul-mukei-perzentxanadan-syqty-foto-video/

pixel