Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлік алып беремін": Әзімбек Байлин үшінші баласын дүниеге әкелген жарына не сыйлайтынын айтты

Опубликовано:

Әзімбек Байлин жарымен
Фото: Instagram/azimbek_bailin

Отандық танымал әнші Әзімбек Байлин өзіне үш перзент сыйлаған әйелінің аңсаған арманын орындауға ниетті. Өнер иесі алдағы уақытта келіншегіне су жаңа көлік алып бермек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әзімбек Байлин жақында ғана үшінші баласын дүниеге әкелген жарына не сыйлайтынын "Опмай-опмай" бағдарламасында айтты.

Оған қоса, өнер иесі кішкентай сәбиінің есімін жария етті. Өмір есігін енді ғана ашқан нәрестенің атын әншінің анасы қойған.

"Алла қалауымен үшінші сәбиіміз, періштеміз дүниеге келді. Есімін анам қойды. Бірақ, негізі атын әкем қоямын деп жүрген. Соңында апасы қоятын болып шешеілді. Үлкен қызымыздың есімі Айасыл, одан кейін Әлихан, енді міне айтұмар да ортамызға қосылды. Негізі әйелім о баста маған көлік алып бер деп жүретін. Мен әйел адамның көлік жүргізгенін қаламайтынмын. Бірақ, қазіргі заманға байланысты Алматы қаласында көлік керек екен. Балаларды бала-бақшаға, ары-бері тасу үшін қажет нәрсе. Сол себепті, келіншегіме көлік алып беремін деп сөз бердім. Көлікті енді кішкентайымызды өсіріп алайық, бір-екі жасқа толсын сосын міндетті түрде алып беремін", - деді Әзімбек Байлин.

Айта кетейік, осы жылдың 30 наурызында Әзімбек Байлиннің отбасы тағы бір сәбимен толықты. Өнер иесінің келіншегі оған кестетігер қыз сыйлаған болатын. Бұл әншінің үшінші перзенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1908032-kolik-alyp-beremin-azimbek-bailin-usinsi-balasyn-duniege-akelgen-zaryna-ne-syilaitynyn-aitty/

pixel