Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

“Mr & Mrs Smith”: Сабина Алтынбекованың жолдасымен түскен фотосы елді тәнті етті

Опубликовано:

Сабина Алтынбекова жолдасымен
Фото: Instagram/altynbekova_20

Отандық танымал спортшы Сабина Алтынбекова желіде жолдасымен түскен жаңа фотосымен бөлісіп, қалың көпшіліктің жылы лебіздеріне ие болды. Желідегілер жас жұбайларды әйгілі фильмнің басты кейіпкерлеріне ұқсатуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сабина Алтынбекова күйеуі екеунің суретін Instagram парақшасында жариялап қойған. Онда ерлі-зайыптылардың классика үлгісінде киініп алғанын көруге болады. Волейболшы ару аталмыш фотоның астына ерекше жазба қалдырған.

"Бұдан былай бізді “Mr & Mrs Smith” деп атаңыздар" , - деп жазған спортшы.

Желі қолданушылары жас жұбайлардың ерекше образдарына тәнті болып, оларды расымен голлувидтық “Mr & Mrs Smith” фильмінің басты кейіпкерлеріне ұқсатты.

"Өте жарасымды жұп, бакытты болсын", "МашАллаһ, Қозы Көрпеш Баян Сұлу", "Қазақи Смиттер отбасы" , "Расымен ұқсап тұрсыздар. Бірі Анджелина, бірі Брэд Пит" , "Хан мен ханшайым" , "Шынымен образдарыңыз сол фильмде сомдаған актерлерге келеді" , "Керемет жұп, өте сәнді екенсіздер" , "Сабина расымен өз ер азаматын тапқан секілді. Сондай жарасып тұрсыздар" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Сабина Алтынбекова өткен жылдың 25 желтоқсанында тұрмысқа шыққан болатын. Спортшы ару сүйіктісімен шариғат бойынша некесін қидырған.

Оның таңдауы Саят Тостықбаев есімді азаматқа түскен. Әлеуметтік желіде ер адамға қатысты ақпарат өте аз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1908307-mr-mrs-smith-sabina-altynbekovanyn-zoldasymen-tusken-fotosy-eldi-tanti-etti/

pixel