jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Соңына дейін отырамын": Ерке Есмахан "Маска" шоуында өзін сынға алғандарға жауап берді

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Отандық танымал әнші Ерке Есмахан "Хабар" арнасы ұсынған "Маска" шоуына қазылар алқасының мүшесі болып таңдалды. Алайда, өнер иесіне мұндай мәртебе берілгені кейбір жандарға аса ұнамай қалған көрінеді. Олар эстрада жұлдызын желіде қатты сынап жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан "Маска" шоуында қазылық еткені үшін өзін аяусыз сынаған жұртшылыққа желіде жауап берді. Ол Instagram парақшасында азулы жазба жариялап, бұл жайтқа қатысты өз ойын айтты.

    "Маска” шоуының біраз пікірін оқып шықтым. Мен сөйлесем, “немене көп сөйлейді, елдің назары жетіспейді ме?” депті. Сөйлемесем, “неге сөйлемей өзінше боп, жақтырмай отыр” депсіздер. Масканы таппасам слухы, логикасы жоқ, тапсам құрбысы Гүлнұр Мамасарипова немесе костюмер сіңілдері айтқан депсіздер. Айналайындар-ау, ешкім ешкімге ештеме айтуға хақысы жоқ, өйткені шоуда жұмыс істейтін барлық адамдар контрактқа қол қойған. Қанша жақын болса да, айта алмайды, айтса 3 млн тг айыппұл төлейді.
    Сол айыппұл болмағанда, үйтіп-бүйтіп “по-қазақски” біліп алуға болар еді. Менің өзіме қызық жюри болып, маска киген адамды табу. Сондықтан “Еркемін, еркелет өмір” дегендей ғой. Соңына дейін отырамын жюрида. Сіздер де көріңіздер, алдыңғы бағдарламаларда тіпті шок жағдайлар болады" , - деп жазды Ерке Есмахан.

    "Соңына дейін отырамын": Ерке Есмахан "Маска" шоуында өзін сынға алғандарға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.