Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде аяғы ауыр Мөлдір Әуелбекованың видеосы тарап кетті

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Видеодан кадр: Instagram/qaz.stars

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова жақында балалы болмақ. Бұл ақпаратты өнер иесінің желіде тарап кеткен видеосы толықтай растайды. Онда әншінің іші шығып қалғаны анық көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова өзі өнер көрсеткен "Кешью" тобының 15 жылдығына орайластырылған концертке қатысып, өзінің елден жасыруға тырысқан құпиясын жария етіп қойды.

Эстрада жұлдызы бүгінде екінші сәбиін күтіп жүр екен. Бұл жайт Instagram парақшаларға тарап кеткен видеолардан белгілі болды. Бейнежазбада ақ көйлектегі өнер иесінің іші шығып қалғаны көрінді.

Оның үстіне видеоны түсірген автордың сөзінше, әнші жүктілігіне байланысты кейбір сахналық нөмірлерге қатыса алмаған. Алайда, ол жағдайына қарамастан өнер көрсетуге келіп, бұрынғы продюсеріне гүл шоғын тарту ете өз алғысын айтып кеткен.

Желі қолданушылары Мөлдір Әуелбекова үшін аса қатты қуанып, оған ізгі тілектерін жаудырған.

"Ең әдемі келіншек - аяғы ауыр келіншек деген рас екен. Нұрлана түсіпті", "Мөлдір сізге жүктілік сондай жарасып тұр. Дүниеге салиқалы ұрпақ алып келіңіз", "Алла тағала аман-есен босануыңызды нәсіп етсін", "Ақыры шын болып шықты ғой. Меніңше, қыз туатын секілді", "Мөлдір ханым бұл бақытқа әбден лайық. Майысып жүр ғой өзі", "Аяғы ауыр болса да, өз тобының концертіне келіпті. Бұл үлкен ерлік. Жарайсыз" , "Шынымен жүктіліктің арқасында ажарлана түскен секілді", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909854-zelide-ayagy-auyr-moldir-auelbekovanyn-videosy-tarap-ketti/

pixel