Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауруханадан шықтық": Аяғы ауыр Мөлдір Әуелбекова коронавирустан жазылып шықты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Жақында ғана коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен Мөлдір Әуелебекова үйіне оралды. Өнер иесі қауіпті індетті жеңіп, толығымен жазылып шыққан. Әнші бүгінде жағдайы анағұрлым жақсарып қалғанын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова қауіпті инфекцияны еңсеріп, ауруханадан шыққанын өзінің Instagram парақшасында хабарлаған. Ол өзі үшін алаңдап, тез сауығып кетуін тілеген жанкүйерлеріне алғыс білдірді.

Оған қоса, өнер иесі өзін аяққа тұрғызған дәрігерлерге де рахметін айтты. Ол медицина қызметкерлерінің еңбегін аса жоғары бағалады.

"Аллаға шүкір, коронавирусты жеңіп, ауруханадан үйге келдік. Дәрігерлердің еңбегін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Аллахым күш-қуат берсін! Жүрегімнің ішінде жүрек болғасын сізде "положительный" результат дегенде COVID-19 атауының өзі психологоиялық тұрғыда ауыр тиеді екен. Жақындарым мен Сіздердің қолдауларыңызбен еш мойымай, дер кезінде ем алып Алланың қалауымен сауығып шықтық.
Бәрі жақсы, шүкір! Хәлімізді сұрап, уайымдап хабарласып жатқан жаны жайсаң шынайы жанашырларыма рақмет! Алла Сіздерге разы болсын тілеулестерім! Енді, бұйырса босанғанша ешқайда шықпай сабыр етіп, үйде отыруым керек. Қайта жұқтыру жылдамырақ әрі қауІптірек болады екен. Сақтанып жүріңіздер! Алла амандықта жүздесуді жазсын", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбековадан коронавирус анықталып, оны ауруханаға жатқызғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1911885-auruxandan-syqtyq-ayagy-auyr-moldir-auelbekova-koronavirustan-zazylyp-syqty/

pixel