ҚПЛ: "Тобыл" мен "Қайсар" арасындағы матчта бес гол соғылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан премьер-лигасының 21-туры аясында қостанайлық "Тобыл" өз алаңында қызылордалық "Қайсарды" жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Кездесу Қостанайдағы Орталық стадионда өтіп, 3:2 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Қостанайлықтар бірінші таймның ортасына қарай екі гол соғып үлгерді. Алдымен "Тобылдың" беларусьтік қорғаушысы Максим Мякиш есеп ашса, кейін қазақстандық қорғаушы Александр Марочкин есеп айырмасын ұлғайтты. Екі жағдайда да ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Асхат Тағыберген нәтижелі пас берді.
Қызылордалықтар бұған Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алияр Мұхаммедтің дублімен жауап берді.
Ал "Тобылға" жеңіс әкелген голды сербиялық шабуылшы Урош Милованович соқты.
Осы матчтан кейін қостанайлықтар 28 ұпаймен қазіргі уақытта Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде жетінші орында тұр. Ал "Қайсар" 20 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінің 13-сатысына жайғасты.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2418186-qpl-tobyl-men-qaisar-arasyndagy-match-bes-golmen-aiaqtaldy/
