RU

Төсін ашық көрсеткен Кәмшат Жолдыбаева ерлер қауымын естен тандырды (фото, видео)

Кәмшат Жолдыбаева
Видеодан кадр: Instagram/kamshat__zholdybayeva

Отандық танымал әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева желіде жаңа фотосессиясын көрсетіп, қалың көпшілік назарын тағы да өзіне аударды. Мінсіз мүсінді бикештің образы біреуге ұнаса, енді бірінің ашуын келтірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кәмшат Жолдыбаева талдырмаш мүсінін паш еткен суреттерін өз Instagram парақшасында жариялаған. Онда әншінің гүлді көйлекпен тұрғанын көруге болады.

Жолдыбаева жанкүйерлеріне ерекше фотосессияның нәтижесін ғана емес, оның барысын, түсірілім алаңындағы үрдісті де көрсеткен.

Алайда, шоу-бизнес жұлдызының жаңа образы барлығының көңілінен бірдей шыға қоймаған. Бірі Кәмшаттың мінсіз мүсініне тәнті болып, оған жылы лебіздерін жаудырды. Әсіресе, ерлер қауымы оған толассыз пікірлер қалдырып жатыр. Ал енді бірі әншінің образы тым ашық екенін алға тартып, оны қатаң сынға алған.

"Бәлкім ұят та шығар. Бірақ, өте әдемі шыққан", "Әрқашан жоғары деңгейдесің. Сұлусың, көріктісің, тартымдысың", "Өте сексуалдысыз", "Ұлтынан адасып тұған жұлдыздар", "Сізбен бірге эротикалық форматтағы кино түсірсе, сатылымы ерекше болатын еді", "Недеген фигура, керемет. Бірақ, осыны бүкіл елге көрсету міндет пе", "Бәрі жарасымды, әдемі. Ғашықпын", "Одан да тұрмысқа шықпай ма, көйлектерін көтере бергенше", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914088-tosin-aiqara-asqan-kamsat-zoldybaeva-erler-qauymyn-esten-tandyrdy-foto-video/