Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Сая Оразғалиева мешітте некесін қидырды (фото)

Опубликовано:

Сая Оразғалиева жолдасымен
Фото: Instagram/djurinskaya

Отандық танымал актриса Сая Оразғалиева тұрмысқа шықты. Өнер иесі сүйіктісімен бірге мешітте шариғат бойынша некесін қидырып, ерлі-зайыпты атанды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықпен актрисаның өзі Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде бөліскен. Сая Оразғалиева некесін қидырған соң, мешіт алдында жолдасымен бірге түскен суретін жариялап қойған.

Желі қолданушылары бірден жас жұбайларды жарыса құттықтап, оларға өз ақ тілектерін жаудырды.

Сая Оразғалиева тұрмысқа шықты
Фото: Instagram/ismailova__aigerim

Айта кетейік, бұған дейін Сая Оразғалиева өзінің тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдіріп, елді таңғалдырған болатын. Сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасаған актриса той болмайтынын алға тартты. Өнер иесі карантин кезінде той жасаудан бас тартып, сүйіктісімен некесін тек мешітте қидыратынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1915190-aktrisa-saya-orazgalieva-mesitte-nekesin-qidyrdy-foto/

pixel