RU

"Өзгеріс керек": Шашын бояп тастаған Айжұлдыз Адайбекова елді таңғалдырды (фото)

Айжұлдыз Адайбекова
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріндегі жайттардан кейін образына өзгеріс енгізуді шешкен көрінеді. Жолдасы Қыран Талапбекпен айырылысып, жақында ғана ана атанған ару шашын өзге түске бояп тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова шашының түсін өзгертіп тастағанын бірден Instagram желісінде хабарлаған. Өнер иесі сұлулық салонында жүзеге асырылған істің нәтижесімен өзінің жеке парақшасында бөліскен. Ол жаңа түсті шашымен суретке түсіп, оны барша жанкүйерлерінің назарына ұсынған.

Желі қолданушылары жас ананың бұл өзгерісіне қатысты өз пікірлерін қарша жаудырып, қызу пікірталас тудырды. Олардың басым көпшілігі Адайбековаға бәрі жарасатынын жазса, енді бірі қара түсін көбірек ұнатқанын айтуда.

"Саған бәрі жарасады", "Не істесе де жарасып кетеді", "Бұл түс сізді одан бетер аша түскендей", "Әемі болып тұрсыз. Мына түс тура сіздікі екен", "Меніңше бұрынғы шашы әдемірек болған", "Көзге үйреншіксіз болып тұр. Қызық екен басқа түспен көрген", - деп жазуда жұртшылық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1916372-ozgeris-kerek-sasyn-boyap-tastagan-aizuldyz-adaibekova-eldi-tangaldyrdy-foto/