jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ақмола облысында тағы бес жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

Ақмола облысында тағы бес жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Ақмола облысында тағы бес жаңартылған теміржол вокзалы ашылды. Фото: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысында бірден бес жаңартылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Заманауи нысандар Ерейментау және Державинск қалаларында, сондай-ақ Еркіншілік, Өлеңті және Жалтыр елді мекендерінде жолаушыларға қызмет көрсете бастады, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.

Осы уақытқа дейін жолаушылар 1952-1960 жылдары салынған ғимараттарды пайдаланып келген. Қайта жаңғырту барысында вокзалдардың ішкі бөлмелері толық жаңартылып, тозған инженерлік желілер ауыстырылды және заманауи жылыту жүйелері орнатылды. Станцияларда жайлы күту орындары жасалып, перрондар жөнделді және навигация жүйесі жетілдірілді. Бұл жолаушылар үшін сапарларды қауіпсіз әрі қолайлы етуге мүмкіндік берді.

Ақмола облысында тағы бес жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Ақмола облысында тағы бес жаңартылған теміржол вокзалы ашылды. Фото: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

"Ерейментау станциясы – маңызды көлік торабы. Ол жолаушылар мен жүк тасымалдауды қамтамасыз етіп, аймақ экономикасының дамуына, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерін тасымалдауға ықпал етеді. Станцияның маңызы әсіресе қыс мезгіліндегі қолайсыз ауа райы жағдайларында айқын көрінеді. Автомобиль жолдары жабылған кезде теміржол вокзалы жолаушыларды жөнелту бойынша негізгі жүктемені өзіне алып, басқа өңірлермен үздіксіз көлік қатынасын қамтамасыз етеді. Жүргізілген реконструкция жолаушыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және қызметкерлерге заманауи, жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалды", - деді Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов Ерейментау вокзалының салтанатты ашылуында.

Ақмола облысында тағы бес жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Ақмола облысында тағы бес жаңартылған теміржол вокзалы ашылды. Фото: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Бес станцияның бүгінгі ашылуы өңірдегі 16 теміржол вокзалын жаңғыртуды көздейтін ауқымды бағдарламаның жалғасы. Бұл — республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Қазіргі таңда облыста орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 94 пайызға жетті.

Ақмола облысында тағы бес жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Ақмола облысында тағы бес жаңартылған теміржол вокзалы ашылды. Фото: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Бүгінгі іске қосылған нысандарды қоса алғанда, өңірде қазірдің өзінде 12 жаңартылған вокзал жұмыс істеп тұр. Бұған дейін Курорт-Бурабай, Макинск, Ақкөл, Шортанды, Жақсы, Сарыөбе және Аршалы елді мекендеріндегі вокзалдар пайдалануға берілген болатын.

Ақмола облысында тағы бес жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Ақмола облысында тағы бес жаңартылған теміржол вокзалы ашылды. Фото: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы

Қалған төрт станцияны биыл тамыз және қазан айларында ашу жоспарланып отыр.

Ақмола облысында тағы бес жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.