jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Ерден Жақсыбек: Қатысқан байқаулардың ешқайсысын сатып алған емеспін

    Ерден Жақсыбеков
    Фото: Instagram/erdenkz

    Қазақстандық "Маска" шоуының жеңімпазы Ерден Жақсыбеков байқау бойы өзіне қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын жеткізді. Өнер иесі аталмыш жобадағы жеңісіне қатысты пікірін де білдіре кетті. Ол өзі қатысқан байқаулардың ешқайсысын сатып алмағанын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерден Жақсыбек "Маска" шоуындағы жеңісінен кейін Instagram парақшасында жазба жариялап, барша қазақстандықтарға алғыс айтқан.

    "Барша тілектеріңізді оқып шықтым! Мені қолдаған жандарға, қолдамағандарға да шын жүрегіммен алғысымды айтамын, Алла разы болсын! Бала күнімнен жеңіп келе жатқан байқаулардың ешқайсысын сатып алған емеспін, Маска шоуы осыған тағы да бір дәлел болды. Бұл Әлемдік шоу, бұл жобаға қатысқан әр бір қатысушы жеңімпаз деп білемін! Мен үшін финалға жетпек түгілі бұл жобаның бір бөлшегі болудың өзі үлкен жеңіс! Еңбек бәрін жеңбек. Бәрі де Алланың бұйырғаны. Амандық болсын, баршаңызға тек сәттілік тілеймін, бәріңізді жақсы көремін", - деп жазды Ерден.

    Желі қолданушылары жеңімпазды шын жүректен құттықтап, оған деген ақ тілектерін жаудырды.

    Айта кетейік, қазақстандық "Маска" шоуының жеңімпазы арқар кейпінде өнер көрсеткен Ерден Жақсыбек болды. Ал екінші орынды аққу болып ән салған Айри есімді әнші еншілесе, үшінші орын әзілкеш Нұрболхан Шараповқа бұйырған.

    Ерден Жақсыбек: Қатысқан байқаулардың ешқайсысын сатып алған емеспін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.