Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сөзін қор қылмайды": Гүлнұр Мамасарипова жолдасы өзіне ренжіп жүргенін айтты

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова
Фото: Instagram/gulnur_mamasaripova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова жұмыстан қолы босамай жүргендіктен, отбасына өте аз уақыт бөлетінін жасырмады. Алайда, бұл жайт отағасына ұнамайтын көрінеді. Шоу-бизнес өкілі жолдасының өзіне өкпелі екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлнұр Мамасарипова күйеуінің өз жұмысына қатысты ойын Instagram парақшасы арқылы жеткізді. Отағасы бір түсірілімнен екіншісіне кетіп қалатын жарына бүгінде ренжулі болып шықты. Ол келіншегін үйде көп көрмейтініне күйініп, онсыз шай ішкісі келмейтінін айтты.

"Қатарынан үш жоба алып жүру оңай емес, сұлап түсем. "Дос-Мұқасан" бітуге шақ қалды, "Бұлбұл" шарықтау шағында, енді бес күнде "Келінжан" басталады. Аллаға шүкір, шаршасақ жақсылықта шаршайық. Таң атпай тағы да жолға шығу керек, келгенім жаңа осы үйге. Айланың атасы уже сөзін қор қылмайды. Пайдасы жоқ. 46 дағы "дардай" әйелді ұрыса алмай қор боп жүр.
"Қашанғы өйстіп жүреді дейсің, елуден кейін өзімнің де шамам келмей қалатын шығар" деп қоям арасында күміңдеп. Кеше Талғар жақтан келе жатып құлпынай сатып алғам, "Сен әдемілеп шәй ішсін деп күштілеп варенье қайнатып қойдым" деп қайта-қайта безілдеп жүрмін ғой әлгі жерде. "Сенімен ішпегесін ол шәйдің несі әдемі" деді ғой. Ойбай, мына кісінің "махаббаты" әлі тірі екен ғой деп майысып қалдым қызарақтап", - деп жазды Мамасарипова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917500-sozin-qor-qylmaidy-gulnur-mamasaripova-zoldasy-ozine-renzip-zurgenin-aitty/

pixel