RU

"Арамызда неке жоқ, бірге тұрмаймыз": Ерке Есмахан жеке өмірі туралы айтты

Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев
Фото: Instagram/xciii.ix.xxviii

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Әнші ғашығы екеуінің қарым-қатынасы жайлы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан өз жанкүйерлеріне барынша ашылып, Instagram желісінде олардың көкейінде жүрген басты сауалдарға нақты жауап беріп өтті.

Эстрада жұлдызы өзінен 9 жас кіші Азамат Зенкаевпен арасында неке жоқ екенін ашық айтты. Оған қоса, өнер иесі сүйіктісімен бірге тұратыны жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

"Аяғым ауыр емес. Арамызда неке жоқ. Заңды түрде үйленген жоқпыз. Бірге тұрмаймыз. Тек бір-бірімізді танып, біліп кездесіп жүрміз. Әрі қарай бұл сезімнен қандай шешім болады оны Алла біледі. Бәрі уақыттың еншісінде", - деп жазды Ерке Есмахан.
Ерке Есмаханның Stories-і
Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917710-aramyzda-neke-zoq-birge-turmaimyz-erke-esmaxan-zeke-omiri-turaly-aitty/