Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын көтеріп шықты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты аясында Қазақстан құрамасы елдер шеруіне қатысты, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Салтанатты шара Нагоя қаласындағы "Палома Мидзухо" стадионында ұйымдастырылды. Қысқаша құттықтау бөлімі өткізіліп, Жапония әнұраны орындалғаннан кейін қатысушы елдердің шеруі басталды.
Ұлттық құрамалар әліпби ретімен жүріп өтті. Қазақстан делегациясын дзюдошы Елдос Сметов пен үстел теннисінен спортшы Сарвиноз Миркадирова бастап шықты. Олар ұлттық нақыштағы жарқын киімдерімен мемлекеттік туды алып жүрді.
Күні кеше Нагояда қатысушы елдердің, соның ішінде Қазақстанның туын көтеру рәсімі өтті. 2026 жылғы Азия ойындарында еліміздің намысын барлығы 558 спортшы қорғайды. Жарыс 4 қазанға дейін жалғасады.
20 қыркүйек – Азия ойындарындағы алғашқы медальдар сарапқа салынатын күн. Жалпы 460 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2430008-eldos-smetov-pen-sarvinoz-mirkadirova-aziia-oiyndarynyng-ashylu-saltanatynda-qazaqstan-tuyn-koterip-shyqty/
