RU

"Өліп қала жаздадым": Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен жағдайды баяндады

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Бүгінде бала-шағасымен демалысқа аттанған тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы саяхаты кезінде жағымсыз оқиғаға тап болған. Ақпарат өкілі суға батып, өліп қала жаздаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы демалысы барысында орын алған жағдай туралы Instagram парақшасында хабарлады. Тележүргізуші балаларымен теңіз бетімен жарыспақ болып, суға батып кете жаздаған.

"Өліп қала жаздадым. Бүкіл өмірім көз алдымнан өтті. Басынан бастап айтайын. Бүгін watersport-қа барғанбыз. Кішкентай баллондарға отырып теңіз бетімен жарысатын болдық. Төртеуміз төрт баллонға отырып алдық. Бір уақытта қатты толқынға соғылып 1,5-2 метрге аспанға қарай көтерілдім де бір сәтте судың астына күмп еттім.
Қандай жағдай орын алмасын, паника жасамауға тырысатыным бар. Көзімді ашсам су астында тұншығып жатыр екем. Ойлаңызшы. Теңіздің ортасы. Жайлап жүзе бастадым. Судың бетіне шыққанда мені іздеп келгендерді көрем. Бірер минут ұзаққа созылып кеткендей болды. Су астында 1 секундта бүкіл өмірім көз алдымнан сырғып өтті ғой. Ойлап отырмын енді, кейде ертеңге жоспар құрасың, үйтеміз-бүйтеміз дейміз. Құдай осындай оқиғалармен сынап алатын шығар", - деп баяндады Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары ақпарат өкілі үшін алаңдап, оның аман-есен оралуын тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918660-olip-qala-zazdadym-laila-sultanqyzy-basynan-otken-zagdaidy-bayandady/