RU

"Туып қоя жаздағанмын": Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен жағдайды есіне алды

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өмірінде орын алған оқиғамен бөлісті. Ақпарат өкілі ұлының кішкентай кезінде тап болған жағдайын баяндап, өзінің аса ауыр күй кешкенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы ұлына қатысты оқиғамен Instagram парақшасында бөліскен. Тележүргізуші ұлы тиын жұтып алған кезде өзін қоярға жер таппағанын жасырмайды. Перзентінің өмірі үшін аса алаңдаған ана бұл жайтты ешқашан ұмыта алмайтын көрінеді.

"Уақыт деген қалай тез өтеді. Бір кездері қашан өседі, қашан өзі жүреді, өзі тырнағын алады, өзі шомылады дейтін едім. Қазір өзіңе ақыл айтады. Осы бала 2 жасында ғой деймін тиын жұтып, бір өліп тірілгем. Жерде ойнап жатып, 20 тиынды аузына салғанда лып етіп ары қарай кетіп қалған ғой. Киіндіріп травматологияға апарғанша, үндемей отырды. Мен жылап еңіреп, узидің нәтижесін күткенше туып қоя жаздағам. Сөйтсем тиын тігінен асқазанға жеткен, қорқынышты емес, енді тек туалетке барғанын күтесіз деп шығарып салды. Қалай күткенімізді айтпасам да түсініп тұрған шығарсыз", - деп жазды ақпарат өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1919412-tuyp-qoya-zazdagam-laila-sultanqyzy-basynan-otken-zagdaidy-aqtardy/