RU

Жұлдызай Дүйсенбиеваның ажырасып кеткені рас па: Актриса бар шындықты айтты

Жұлдызай Дүйсенбиева
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзінің отбасылық өміріне қатысты ел арасында айтылып жатқан қауесеттерге жауап берді. Өнер иесі жолдасы екеуінің бүгінгі қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты. Көпшілік ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткенін болжауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірі жайлы тарап жатқан түрлі қауесеттерге нүкте қойып, "Папарацци" бағдарламасында өз шындығымен бөлісті.

Актриса 30 асқан жасында жолыққан ер азаматымен қарым-қатынасы жақсы екенін айтып, алып-қашпа әңгімелердің барлығын жоққа шығарды.

"Отыздан асқан шағымда әрең тапқан жолдасым деп әзілдеп те айтып жатамын ғой. Неге екені белгісіз. Бірақ, көп адамдар "Жұлдыздай жолдасынан ажырасып кетіпті" деп көп айтады. Соған жауап ретінде отыздан асқанда тапқан азаматымды кетем десе жібермеймін, өзім де кетпеймін деп айтамын. Отыздан асқаннан кейін жолыққан азаматым екені хақ. Отыз үш жасымда тұрмысқа шықтым, отыз төртімде ана атандым. Мен жолдасымды еркелетпеймін. Қалай бар солай айтамын. Сатып алғым келетін дүниелерімді жолдасыммен ақылдасамын. Егер "ал" деп құптаса, "алып берші" деп айтамын", - деді Жұлдызай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1919795-zuldyzai-duisenbievanyn-azyrasyp-ketkeni-ras-pa-aktrisa-bar-syndyqty-aitty/