Жуырда ана атанған Мөлдір Әуелбекова сахнаға оралмақ
Жарияланған күні:
Әнші Мөлдір Әуелбекова жуырда екінші рет ана атанды. Екінші рет тұрмысқа шығып, қыз баланы дүниеге әкелген әншінің сахнаға оралу-оралмауы елді толғандырып жүрген еді. Өнер иесі көпті қызықтырған бұл сұраққа жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Instagram желісінде Әуелбекова көптеген сұрақтарға жауап берген. Әсіресе, оның хиджабына қатысты сұрақтар көп болыпты. Әнші "хиджаб оранғаныңыз үшін өкінген күніңіз болды ма?" деген сұраққа: "Жоқ! Орамалым қорғаным! Мен осы сырт бейнемен бақыттымын!", - деп жауап берген.
Сонымен бірге, хиджабтағы әнші жаңа ән жазып жатқанын және ел алдына жуырда жаңа әнімен шығатынын мәлім еткен.
"Жаңа әндер дайындап жатырмын. Бұйырса шығамын", - деп жазды ол.
Естеріңізде болса, әнші былтыр мамыр айында екінші мәрте тұрмысқа шыққан болатын.
Араға бір жыл салып, әнші Айару есімді қызды дүниеге әкелген.
Бұл қуанышты жаңалықты әншінің әпкесі Меруерт Әуелбекова жариялады.
"Халайық, сүйінші! Алланың қалауымен қасиетті жұма күні Мөлдір қыздарыңыз қыз босанды. Аллаға сансыз шүкір, бәрі жақсы. Қош келдің Айару қыз. Алла ұзақ, бақытты ғұмыр берсін ботақаным", - деп жазды ол.
Айта кету керек, әншінің жүктілігі жеңіл өткен жоқ. Ай-күні жақындаған кезінде ол коронавирус жұқтырып ауруханадан бір-ақ шыққан болатын.
Аурудан айыққан соң ол желіде жазба жариялап, өзі үшін уайымдаған көпшілікке алғыс білдірді.
"Аллаға шүкір, коронавирусты жеңіп, ауруханадан үйге келдік. Дәрігерлердің еңбегін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Аллахым күш-қуат берсін! Жүрегімнің ішінде жүрек болғасын сізде оң нәтиже дегенде COVID-19 атауының өзі психологиялық тұрғыда ауыр тиеді екен. Жақындарым мен сіздердің қолдауларыңызбен еш мойымай, дер кезінде ем алып Алланың қалауымен сауығып шықтық", - деп жазған еді әнші желідегі парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1922583-zuyrda-ana-atangan-moldir-auelbekova-saxnaga-oralmaq/