Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық әнші "Славян базары" байқауының бірінші кезеңінде топ жарды

Опубликовано:

Рухия Байдүкенова
Рухия Байдүкенова. Фото: dimashnews.com

17 шілдеде Витебскте "Славян базары" өнер фестивалінің алғашқы күні өтті. Ән сайысына Қазақстан атынан қатысқан Рухия Байдүкенова шекті 70 балдың 69-ын жинаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Алтын лира" мүсіншесі мен 20 мың доллар үшін 14 елдің орындаушылары бақ сынасуда. Бәсекеде Қазақстанның намысын 22 жастағы талдықорғандық Рухия Байдүкенова қорғайды.

DimashNews порталының мәліметінше, алғашқы күннің нәтижесі бойынша Рухия қатысушылар арасында шекті 70 балдың 69 балын жинаған. Рухияменн бірге Сербия атынан өнер көрсететін Ирина Арсениевичте осындай нәтиже көрсеткен.

Үздік үштікке Украинадан келген Рената Штифел кірген. Оның жинаған балы 64.

Бүгін, 18 шілдеде байқаудың екінші күні өтеді.

Еске сала кетсек, аталмыш байқаудың әділ қазылар алқасының құрамына енген Димаш Құдайберген салтанатты ашылу рәсімінің алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген еді.

Димаш кім үшін жанкүйер болады деген сұраққа әртіс патриот ретінде Қазақстаннан келген қатысушыға қолдау көрсететінін ашық айтты. Дегенмен, ол бұл оның тарапынан қандай да бір жеңілдіктер болады дегенді білдірмейді.

"Славян базары" – бұл елдер мен менталитеттер арасындағы барлық шекаралар жойылатын және барлық адамдар музыка тілінде сөйлесетін алаң. Маған үлкен жауапкершілік жүктелген, бұл мен өзім қатысушы ретінде қатысқаннан әлдеқайда үлкен", - дейді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1922932-qazaqstandyq-ansi-slavyanskii-bazar-baiqauynyn-birinsi-kezeninde-top-zardy-video/

pixel