"Өз ақылдарыңыз өздеріңізге!": Ерке Есмахан жеке өмірін сынағандарға жауап берді
Жарияланған күні:
Отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан Instagram желісіндегі парақшасында өзін "жасы кіші жігітпен жүрді" деп сынағандарға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ninety One тобының бұрынғы әншісі AZ-мен көңіл жарастырған Ерке Есмахан бүгінде өзінің жеке өмірін ешкімнен жасырмайтын болған. Ол әлеуметтік желілерде оқырмандарының сұрақтарына бүкпесіз жауап беріп, барынша кері байланыс жасауға тырысады.
Бұл жолы да ол Instagram желісі арқылы желі қолданушыларымен әңгіме-дүкен құрып, бірқатар сауалдарына жауап берген.
Оның ішінде жеке өміріне қатысты сұрақтарды іріктеп алып, жауап берді. Ол жеке өміріне қатысты ақыл айтып, сынай жөнелетіндерге пікір білдірді.
"Саған басқа жігіт керек еді негізі. Тоқал болсаң да", - деген пікір иесіне әнші былай деп жауап берген:
"Өз ақылдарыңыз өздеріңізге, тасып бара жатса, ақылды бала-шағаларыңызға айтыңыздар! Мен біреудің семьясын бұзып, балаларының көз жасына қалып, ешқашан тоқал болмаймын. Біреудің ала жібін аттап, бақытты бола қоймаспын.
Мен тәрбиені және махаббатты таңдаймын. Жүрегім тыныш, бақыттымын, шүкір!", - деп жазды ол.
Еске салсақ, жуырда әнші өмірінде болып жатқан әрбір сәті үшін алдымен жаратушыға, одан кейін барша жақындарына алғысын білдірген болатын.
"Сүйгенімнің сүйіктісі болып жүргеніме шүкір", - деген болатын эстрада жұлдызы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1923037-oz-aqyldarynyz-ozderinizge-erke-esmaxan-zeke-omirin-synagandarga-zauap-berdi/