Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сырға салады деп ойламадым": Жанель Мақажанға өзінен сегіз жас кіші сүйіктісі құда түсіп келді (видео)

Опубликовано:

Жанель
Жанель Мақажанға сырға салу сәтінен. Фото: instagram.com/janellemakajan/

Отандық актриса Жанель Мақажан жуырда актер Абай Асылханмен мешітте некесін қидырып, ерлі-зайыпты атанған болатын. Араға бір ай салып, Құрбан айт мерекесінің бірінші күні Жанельдің үйіне актердің ата-анасы келіп, сырға салған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әсерлі сәтті оқырмандарымен бөліскен актриса бұрын тұрмыста болғанына қарамастан, өзіне сырға салған сүйіктісі мен оның ата-анасына ризашылығын жеткізді.

"Сырға салу! Бұл күн есте қалары сөзсіз. Абай екеуіміз сөз байласып жүргенде, жақсы адам екенін көріп, ата-анасын сырттай жақсы көріп жүруші едім. Демек, осы екі жақсы жаннан дүниеге менің күйеуім келген екен деп.
Екі жақ танысып, құда атанар күнді біз қатты күттік. Қасиетті “Құрбан айт” мұсылмандардың асыға күтетін мереке күнінде, бұл күнге де жеттік. Бұл тек таныстық, бастамасы... Әрі қарай “Құдалық”.
Бірақ... Сырға салады деп мүлдем ойлаған емеспін. Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін тұрмыста болдым. Соған қарамастан, ата-енем (енді менің де мамам мен папам) осындай сый жасады. Көзіме жас келді. Неткен мейірімге толы жандар. Жақсы көрем!", - деп жазды ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына.

Еске салсақ, актриса Жанель Мақажанның бірінші некесінен екі баласы бар. Жуырда ол сәтсіз аяқталған некесі туралы жан сырын ақтарып, бірінші күйеуімен ажырасуына не себеп болғанын ашық айтқаны ел есінде.

Артынша, сәуір айының соңында актриса өзінің сүйіктісі барын алғаш рет желідегі парақшасында мәлім етті.

Ал маусым айында ғашықтар ресми түрде некесін қиып, ерлі-зайыпты атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1923428-syrga-salady-dep-oilamadym-zanel-maqazanga-ozinen-segiz-zas-kisi-suiiktisi-quda-tusip-keldi-video/

pixel