Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешір мені, бауырым": Қазақ актері сыныптасына зәбір көрсеткенін мойындады

Опубликовано:

Аскар
Асқар Ілиясов. Фото: instagram.com/askar.ilyassov/

Танымал актер Асқар Ілиясов мектеп кезінде өзі қысым көрсеткен сыныптасынан бағдарлама барысында кешірім сұрады. Тимур Балымбетовтің "Ашығын айтқанда" бағдарламасына қонақ болған ол өзгелерге ұқсамайтын сыныптасын мазақ еткеніне өкінді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тимур Балымбетовпен ашық әңгіме-дүкен құрған ол қазіргі таңда өз бойындағы кем-кетігін жөндеуге баса назар аударып жүргенін айтты. Ер-азаматтардың санасының дұрыс қалыптасуы, ойлау жүйесі мен олардың анасына деген махаббаты туралы сөз еткен актер өзінің де көптеген қорқыныштарды жеңгенін жеткізді. Бұл үшін актер кітап ақтарып, өзін-өзі тануға көп көңіл бөле бастаған.

"Мен мектепте қылығы өзгелерге ұқсамайтын ер-балаларға буллинг көрсететінмін. Әрине, ол гей емес. Бірақ қылықтары өзгеше, нәзіктеу болатын. "Ааа, қазір мен саған көрсетемін" дегендей. Оны мазақ ететінмін. Ұрмайтынмын, ойнап ұрғандай боламын", - деді ол.

Айтуынша, ол мұндай қылықтар әу бастан кез келген ер баланың бойында болатынын айтады. Сондықтан, өзінің қылығы дұрыс емес болғанын түсініп, сыныптасынан бағдарлама үстінде кешірім сұрады.

"Асыл бауырым, кешір. Сенікі дұрыс, ал менікі дұрыс емес болды. Себебі сен өз-өзіңді қабылдаған екенсің. Мүмкін, мен де сендей болғым келген шығар. Бірақ, бәлкім, мен өзімді іштей мұндай күйде қабылдағым келмеген шығар. Мен ондай қылықтардан қорқатынмын. Міне, гомофобия деген осыдан шығады", - деп түсіндірді ол.

Еске салсақ, Асар Ілиясов бұл сұхбатында ер-азаматтардың неліктен әйелдерден үстем болғысы келетініне тоқталып, олардың бойындағы басты қорқыныш туралы сөз етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1924546-kesir-meni-bauyrym-qazaq-akteri-synyptasyna-zabir-korsetkenin-moiyndady/

pixel