Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алуа Қонарова Қазақстандағы кедейлікке күйінді

Опубликовано:

Алуа Қонарова
Алуа Қонарова. Кадр: YouTube/ Ardak Alanya

Танымал отандық продюсер Алуа Қонарова Қазақстандағы кедейлік пен әлеуметтік проблемаларға назар аударды. YouTube платформасындағы Ardak Alanya каналына сұхбат берген ол азық-түліктің өзін несиемен алатын халықтың жағдайына күйінді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жуырда Түркияға түбегейлі қоныс аударған продюсер өзге елдің жақсы жағына тоқталды.

Айтуынша, түріктер заңға қатты бағынады және онда жемқорлық атымен жоқ. Продюсер Түркиядағы осы жайттарға қатты қызығатынын және болашақта біздің елде де осындай тұрақтылық орнайтынына сенетінін жеткізді.

"Мен біздің елде осындай болса екен, деп қатты ойланамын. Таза ауа, экономикадағы тұрақтылық, заңның сақталуы. Құдай-ай, бізде жемқорлық қашан жойылады екен?! Бұл біздің қазіргі ұрпақтың генінде қалып қойған сияқты. Ол үшін жаңа ұрпақ өмірге келіп, жаңаша өмір сүруі керек шығар? Білім беру саласына келсек. Егер ЖОО-да студент сабаққа қатыспай, пара беріп, баға алып жүрсе, одан мықты медицина қызметкері шыға ма? Бұл бір ғана тұсы. Екіншіден, оқытушылар кәсіби біліксіз.
Барлық ЖОО-да сондай. Кезінде сабақты нашар оқыған адам келеді де, біздің балаларды оқытады. Мәдениет туралы айтпай-ақ қояйын. Кез келген дұрыс жолмен дамып келе жатқан мемлекеттік бет-айнасы - ұлттың мәдениеті. Адамдардың ішкі мәдениеті болуы керек. Бірақ, ол бізде өте төмен деңгейде", - деп баға берді Алуа Қонарова.

Продюсердің сөзінше, мәдениеттің жоқтығына халықтың тұрмыс-тіршілігі тікелей әсер етіп отыр.

"Бірақ ол туралы айту үшін, халықтың жағдайы жақсы болуы керек. Біздің халық өте нашар тұрады. Бізде жағдайы орташа деңгейдегі адамдар жоқ-ау деймін. Бізде жағдайы нашар тұрғындар мен бай адамдардың арасы алшақ болып бара жатыр. Байлар мен кедейлер ғана бар. Менің естуімше, адамдар қазір азық-түлікті бөліп төлеу арқылы алады. Біз қалай осы деңгейге түстік? Адамдар ашынып кеткен. Олар қатты шаршады. Елдегі бассыздықтан шаршады. Пандемияның басында қалай болды жағдай?
Осында отырып, кислородты баллондар жіберуге тырыстық. Қарапайым парацетомол болмады. Түркияда ондай болған жоқ. Мында дәріханалар барлық препараттарға лық толы болды арзан бағада. Маскалардың өзін мында тегін таратып берді. Бұл бассыздықты көріп отырып, халқымызды қатты аядым. Бес литрлік бөтелкеге түтікті тығып демалып отырған азаматтарды көргенде, қатты шошыдым", - дейді ол.

Сөз соңында Алуа Қонарова Түркияда 5000 мың теңге, яғни 100 лираға бір тоңазытқыш толатындай азық-түлік алуға болатынын атап өтті. Осылайша, ол екі ел арасындағы экономиканы салыстырып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925386-azyq-tulikti-pen-alu-degen-sumdyq-alua-qonarova-qazaqstandagy-kedeilikke-kuiindi/

pixel