Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоласы мен үшін алтындай": Меруерт Түсіпбаева Қамшыбек Қоңқабаевқа қолдау білдірді

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Токио Олимпиадасында бокстан қола жүлдегер атанған қазақстандық спортшы Қамшыбек Қоңқабаевқа қолдау білдірді. Өнер иесі ел намысын қорғаған спортшының анасына алғыс айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева Қамшыбек Қоңқабаевқа Instagram парақшасында жазба арнады. Эстрада жұлдызы отандық боксшының қоласы өзі үшін алтындай болып есептелетінін алға тартты.

Сонымен қатар, өнер иесі мұндай спортшыны өсіріп, оны осы күнге дейін жеткізген анасына алғысын білдірді.

"Қамшыбектің қоласы мен үшін алтындай! Бауырым, еңсең түспесін! Жарайсың! Бақ шаба ма, бап шаба ма?”- деген сөз бар халқымда! Жассың, бәрі алда! Айналайын аман бол! Тілектеспіз! Америкалық жоян, қарсыласың соғып жатқанда, мен сенің анаң туралы ойлап отырдым. Анаңның жүрегі езілді- ау. Баласын үлкен спортқа беру- ерлік-ау. Сені туып- өсірген анаңа рахмет", - деп жазды Түсіпбаева.

Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Отандасымыз жартылай финалда америкалық қарсыласынан жеңіліп қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925630-qolasy-men-usin-altyndai-meruert-tusipbaeva-qamsybek-qonqabaevqa-qoldau-bildirdi/

pixel