Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақымақтығым шығар": Динара Сәтжан банкир күйеуінен не үшін ажырасқанын айтты

Опубликовано:

Динара Сәтжан
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан ашыла сұхбат беріп, алғаш рет өзінің жеке өмірі туралы бар шындықты айтты. Ақпарат өкілі бірінші некесін есіне алып, бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көптен бері сұхбат бермей кеткен Динара Сәтжан "Orda News" арнасында жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды. Журналист бұған дейін ешкімге өзінің бірінші некесі туралы ашылып айтпаған.

Белгілі болғандай, Динара 21 жасында тұрмысқа шыққан. Тележүргізушінің жолдасы өзінен тоғыз жас үлкен болған. Алайда, белгілі бір себептермен некесі сәтсіз аяқталып, екі жылдан соң ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен. Олардың ортақ ұлы бар.

"Мен 21 жасымда тұрмыс шықтым. Кентауға келін болдым. Бірақ күйеуім екеуміз Алматыда тұрдық. Әке-шешесімен бірге тұрдық. Есімі Бақытжан. Ол өте керемет адам. Оның әке-шешесі де, әпкелері мен інілері бәрі жақсы адамдар. Әлі күнге дейін желі арқылы сөйлесіп тұрамыз. Бақытжанның қазір екінші отбасы бар. Ол отбасында туған тағы екі ұлы бар. Барлығы төрт баласы бар. Екеуміз жақсы сөйлесеміз. Ұлым әкесімен араласады. Осыдай жақсы қатынасты ұстап қалғаным үшін қуанамын”, – деді Динара. 

Динара Сәтжан бұрынғы күйеуі туралы бірқатар мәліметтермен бөлісіп, онымен ажырасуына не себеп болғанын түсіндірді.

"Ол да жас еді. Әдемі еді. Банкир болды. Өз ісінің маманы еді. Ақшаны жақсы тапты. Оған көп қыздар ғашық болды. Әйелдер жақсы көрді. Ол көзіме шөп салды демей-ақ қояйын, өмірден рахат алды. Бірақ, мен оны көтере алмадым. Ол маған соққы болды. Мен жас болдым. Көңіл күйге ерік бердім. Мен оны түсіне алмадым. Егер қазір болса, мен үшін бұл қалыпты жайт болар еді. Бірақ, ол кезде маған даналық жетіспеген шығар. Өзімшіл болған шығармын. Даналық жылдар бойы қалыптасатын дүние. Меніңше, келін болып келген адамның өзі күйзеліске түседі. Басқа орта, басқа талап, басқа заң, жүкті болу, бала туу – мұның бәрі күйзеліске алып келеді. Мен нақты біздің ажырасуымызға не себеп болғанын да айта алмайды екенмін", - деді Сәтжан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925722-ony-tusine-almadym-dinara-satzan-algas-ret-birinsi-kuieui-turaly-aitty/

pixel