Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Мадина Оспанова алғаш рет ана атанды

Жарияланған күні:

Мадина Оспанова
Фото: Instagram/ospanova.mm

Отандық танымал актриса Мадина Оспанова тұңғышын дүниеге алып келді. Қуанышты хабарды жас ананың өзі әлеуметтік желі арқылы жеткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алғаш рет ана атанған актриса өз қуанышымен бірден оқырмандарымен бөліскен. Ол Instagram парақшасында арнайы жазба жариялап, перзентханада түскен суретін көрсетті.

"Бұл күнге дейін өмір болмағандай. 24 сағат толғатып, 40 минут бойы босандым. Жаратушыны, өмірді жақсы көремін. Біз ата-ана болдық. Жақсы көремін", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары бірден Мадина Оспанованы құттықтап, баласы екеуіне өз ақ тілектерін жолдады.

"Құттықтаймыз, бақыттарыңыз баянды болсын", "Аман-есен жаның қалуымен. Бауы берік болсын", "Қандай бақыт. Жарайсың Мадина", "Сіздер үшін сондай қуаныштымыз", "Осы бақыт барлығымызға да бұйырсын", "Бақыт деп осыны айт", - деп жазуда көпшілік.

Тілек білдірушілер арасында отандық эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі де бар. Ол аталмыш фотоның астына пікір қалдырып, өзімен "Ұлы дала комедиясы" фильмінде басты рөлді сомдаған актрисаны жеке құттықтаған.

"Құтты болсын, Мадикош. Бауы берік болсын. Бақытты болыңыздар", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925836-aktrisa-madina-ospanova-algas-ret-ana-atandy/