RU

"Ең алғаш менімен дуэт айтқан қыз": Төреғали әйелімен ән айтқан видеосын жариялады

Төреғали мен Толқын
Фото: Instagram/tolkynturarbekkyzy

Төреғали Төреәлі 2014 жылы жары Толқынның ұзату тойы кезінде түсірілген видеоны бөлісіп, елді таңғалдырды. Бейнежазбада қос ғашықтың бірге ән салғанын көруге болады. Өнер иесі тіпті бұл алғаш рет қыз баласымен дуэт айтқан күні болғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали мұрағаттағы видеосын Instagram парақшасында бөлісті.

"Менімен қыздардың арасында ең бірінші болып дуэт айтқан менің Толқыным! 2014 жыл. Толқынның ұзату тойы. Осы жерде естелік болып қалсын. Құдай қосқан жан жарым, Ардағым, ән арнадым. Мәңгі бірге болайық Алла бере салғаным! ”, – деп жазды Төреғали.

Желі қолданушылары Толқынның даусына тәнті болып, оған өз бағасын беріп жатты. Оқырмандар "ұлы дала баласына" бұдан былай той-томалақтарда әйелімен бірге ән шырқауға кеңес берді.

"Керемет орындау, өте жарасымды, Алла қосқан жарың”, “Бірге айтып керек сіздерге дуэт болып”, “Жұптарыңыз жазылмасын, бақытты болыңыздар!”, “Керемет дауыстарыңыз, бақытты болыңыздар”, “Толқындай келін әрбір енеге арман ғой. Бақытты бол, Ақ Төреш!”, “Супер. Толкыннын да дауысы керемет екен”, “Оны неге енді ғана көрсетіп жатырсыз?”, “Неге әрі қарай да ән айтпады, даусы бар екен ғой” , – деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926243-en-algas-menimen-duet-aitqan-qyz-toregali-toiynda-aielimen-an-aitqan-videosyn-zariyalady/