Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төртінші сәбиіне аяғы ауыр Салтанат Бақаева гендер-пати жасады (видео)

Жарияланған күні:

Салтанат Бақаева
Салтанат Бақаева. Фото: instagram.com/saltanat_bakayeva/

Танымал әнші Салтанат Бақаева желіде айрықша видеосын бөлісті. Ол отбасындағы қуаныш туралы айтып, аяғы ауыр екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үш ұлдың анасы Instagram желісіндегі парақшасында гендер-патиден видео-үзінді жүктеді. Алайда ол болашақ сәбиінің ұл не қыз болатынын көпшілікке көрсетпеуді жөн көрген.

Десе де, жуырда сәбилі болатынын осы арқылы оқырмандарына жеткізгісі келгенін айтты.

" Қайырлы таң! Жақсы күн жақсы жаңалығыммен бөлісуге себепкер болып тұр. Баршаңызға тілерім тек жақсылық. Аман болыңыздар!", - деген әнші ақ жарма тілегін жазып қойған.

Қазіргі таңда жарымен бірге үш атұстарды тәрбиелеп отырған актриса бұдан біраз уақыт бұрын тағы да сәбилі болғысы келетінін айтқан.

"Босанған соң аз уақыт өтсе де, жалпы босануым ауыр болса да тағы да нәрестелі болуды армандаймыз. Себебі бала сүю бақыты ерекше. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. 3 ұлдан кейін 2 қыз болса деп армандаймын. Ал сіздер қанша баланың болғанын қалайсыздар?” – деп оқырмандарына сауал жолдаған еді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930023-tortinsi-sabiine-ayagy-auyr-saltanat-baqaeva-gender-pati-zasady-video/