Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Онда тұрған не бар?": Жұлдыз Өмірғали Айқынмен сүйіскен суретіне қатысты жауап берді

Опубликовано:

Айқын мен Жұлдыз
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали жолдасы екеуінің желіні шулатқан фотосына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Ерлі-зайыптылар Мәскеудегі Третьяков галереясында Брежневтің фонында сүйіскен сәтімен бөлісіп, ел ашуын тудырған болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Өмірғали күйеуі екеуінің суреті мұндай үлкен резонанс тудыратынын күтпегенін айтты. Алайда, оның ойынша жолдасымен сүйіскен де тұрған ештене жоқ. Айқынның жары желіде дау тудырған фотоға қатысты пікірін "Папарацци" бағдарламасында жеткізді.

"Біз ол суретке Третьяков галереясында түстік. Сол жерде адамдардың сүйіскен туындысы тұрды. Айқынға осындай идея келді. Сол себепті түсе салдық. Мен қарсы болмай, "жарайды" дей салдым. Сол күні өзі жариялап үлгеріпті. Онда тұрған не бар деп ойлаймын. Әйелі мен күйеуі сүйісіп тұр. Біздің қазақ менталитетіне сай емес шығар мүмкін. Бірақ, кішкене болса да бұрынғы көзқарастан бері қараса екен деп ойлаймын. Мысалы, Дженнифер Лопес пен Бен Аффлектің сүйіскен суретін барлық жұлдыз, блогерлер салады. Ал біздің сүйіскенімізді не себепті жақтырмайтынын түсінбедік. Біз одан жаман ештеңе көріп тұрған жоқпыз. Махаббатты суретпен үйлестіріп істеген туындымыз. Қалай болса да, көрді", - деді Жұлдыз Өмірғали.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген жарымен мұражайда сүйісіп тұрған сәтінен фото жариялап, елден оңбай сөз естіген болатын. Қалың көпшілік жұлдызды жұптың бұл әрекетін аса ерсі деп санаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930817-onda-turgan-ne-bar-zuldyz-omirgali-aiqynmen-suiisken-suretine-qatysty-zauap-berdi/

pixel