"Енем - ең пунктуальный адам": Мәдина Сәдуақасова туған күніне арнап мерекелік кеш ұйымдастырды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Отандық жұлдыз Мәдина Сәдуәқасова күні кеше өзінің туған күні атап өтті. 42 жасқа толған эстрада әншісі атаулы күнге орай жақындары мен туыстарын шақырып, кішігірім кеш ұйымдастырған. Ол алғаш рет өзінің енесін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әнші қуанышты күннен естелік ретінде Instagram желісіндегі сторизге жолдасы мен достары тарту еткен сыйлықтарын көрсетті.
Бұдан бөлек, ол кешкі мерекелік отырыстан да суреттер мен видеоларымен бөліскен.
"Мені ең алғаш болып, түнгі он екіде жолдасым Олжас осындай гүл беріп құттықтады", - деген әнші алқызыл раушан гүлдерін көрсетті.
Бұдан бөлек, жұбайы Мәдина ұнатып жүрген қымбат аяқ-киімді сыйға тартқан.
Әншіні құттықтап келген қонақтардың арасында оның енесі, інісі, ата-анасы мен бауырлары да бар.
Сонымен бірге, өнер иесі отбасылық достарын да шақыруды да ұмытпаған.
Енесінің суретін желіге көп сала бермейтін Мәдина Сәдуақасова бұл жолы онымен түскен видеосын жариялап "менің енем - ең пунктуальный адам", - деп жазып, мақтауын асырды.
Еске салсақ, әнші бұдан бірер күн бұрын Түркиядан баспана сатып алғанын айтып, елден сүйінші сұраған. Әнші теңіздің жағасынан алған пәтерді өзінің туған күніне сый ретінде алғанын жеткізген.
"Аланиядан пәтер алып өз-өзіме сыйлық жасадым! Әнуарды мектепке жібердік, туған күн, міне, келіп қалды, әрі-бері ақшамызды шаша бермей әр нәрсеге, бір үй алып қояйық дедік! Демалысқа келгенде отель емес, өзіңнің дап-дайын үйіңе барған жақсы емес пе?! Ал, көріп бағасын беріңіздер?! Әр отбасына осындай үй алу бұйырсын!", - деп жазып қойды әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1931191-enem-en-punktualnyi-adam-madina-saduaqasova-tugan-kunine-arnap-merekelik-kes-uiymdastyrdy-foto-video/