Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі сәбиін де 40-тан асқан шағында дүниеге әкелген Айгүл Мүкей келіншектерге ой салды

Опубликовано:

Айгүл Мүкей
Айгүл Мүкей. Фото: instagram.com/aigulmukei/

Қырықтан асқан шағында алғаш рет ана атанған Айгүл Мүкей қазақ келіншектеріне өз кеңесін айтты. Айтуынша, бала көтеру үшін әйелдің жасы емес, эмоционалды жай-күйі маңызды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Егер 10 жыл бұрын 40-тан асқан шағыңда екі баланы дүниеге әкелесің десе, күлер едім. Ал қазір менің балапандарым төсекте ұйықтап жатыр", - деп жазды ол.

Оның пікірінше, баланы дүниеге әкелу үшін әйелдің жасы аса маңызды емес. Бірақ, әйелдің физикалық және эмоцианалдық жай-күйі маңызды.

"25 жасында бала көтере алмайтын, толыққанды өмірге бала әкеле алмайтын әйелдер де бар. Босанғаннан кейін де көптеген аурулар пайда болуы мүмкін. Адамның ағзасы дайын болуы керек.

Басымнан өткенді айтайын, 40-тан кейін сәбилі болу оңай емес. Одан кейін қалыпқа келу де қиын. Туарын туып алып, енді оларды жеткізу үшін денсаулық керек екенін түсінесің. Жасың келген сайын, денсаулыққа қарау үшін көп уақыт, қаражат және күш керек. Бірақ, әрине, жұмақтың иісі аңқып тұрған балапаныңды иіскегенде, дені сау, қуатты болу үшін, балаларыңа бақытты болашақ жасау үшін қолыңнан келгенді істейтініңді ойлайсың", - дейді журналист.

Осылайша, Айгүл Мүкей оқырмандарына денсаулықтарын жіті қадағалауға кеңес берді.

Еске салсақ, биыл сәуір айында 46 жастаға тележұлдыз үшінші сәбиін өмірге әкелген болатын. Қазіргі таңда ол екі ұл, бір қызды тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1931925-eki-sabiin-de-40-tan-asqan-sagynda-duniege-akelgen-aigul-mukei-kelinsekterge-oi-saldy/

pixel