Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлды болды": Тележүргізуші Айгүл Мүкей үшінші сәбиін босанды

Опубликовано:

Айгүл Мүкей
Фото: Instagram/aigulmukei

Отандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей үшінші сәбиін дүниеге алып келді. Ақпарат өкілі жолдасына ұл бала сыйлаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалықпен ана бақытын үшінші мәрте сезінген тележүргізушінің өзі хабарлаған. Ақпарат өкілі босанған бойда Instagram желісінде барша жанкүйерлерімен бөліскен.

Айгүл Мүкей жаңа туған сәбиінің перзентханадағы алғашқы суретін ел назарына ұсынып, халықтан сүйінші сұраған.

"Ұлды болдым. Аллаға шүкір. Бүгін сағат 12.19 дүниеге тағы бір батыр келді. Қара торы, шыдамды, әжесі сияқты. Әлі өзіме келе алмай жатырмын. Сіздерге де, жылы сөздердіңіз, лебіздеріңіз үшін көп рахмет, достар. Аллах разы болсын " , - деп жазды ол.

Желі қолданушылары белгілі журналисті бірден құттықтап, өз ақ тілектерін қарша жаудыруда. Олар анасы мен баласына зор денсаулық тілеп, Айгүл Мүкей үшін аса қатты қуанышты екендерін жазды.

Үшінші перзентіне өмір сыйлаған тележүргізушіні желіде құттықтаған жұлдызды тұлғалар арасында Ләйлә Сұлтанқызы, Мадина Сәдуақасова, Тамара Асар, Маржан Арапбаева бар.

Айта кетейік, өмір есігін енді ғана ашқан сәбиден басқа Айгүл Мүкейдің тағы бір қыз, бір ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906674-uldy-boldy-telezurgizusi-aigul-mukei-usinsi-sabiin-bosandy/

pixel