Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азиядағы ең сымбатты ер адам": Димаш Құдайберген King Choice рейтингінде екінші орынға шықты

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген әйгілі King Choice Азиядағы ең сымбатты жігіт атағынан үміткер атанды. Айта кетерлік жайт, отандық әнші қазіргі таңда рейтингте екінші орында тұр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған рейтингтің қорытындысы 30 қыркүйек күні шықпақ. Оған дейін жанкүйерлер аталған рейтинг сайтына кіріп, өз дауысын бере алады.

Қазіргі таңда бірінші орында оңтүстік-кореялық BTS тобының әншісі Ким Сокджину тұр. Оған барлығы 1 984 933 пайдаланушы дауыс берген. Ал Димаш 1 300 571 дауыспен екінші орында тұр. Ал рейтинг тізімінде үшінші болып, тай актері Уин Метавин тұр. Оған дауыс берген жанкүйерлер саны - 972 279.

Димаш Құдайберген
King Choice рейтингі. Скриншот: King Choice сайты/https://kingchoice.me

Еске салсақ, былтыр қараша айында Димаш Құдайберген "Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең сымбатты 100 ер адам" халықаралық байқауында 20-шы орынды иеленген.

Ол "The Most Handsome Asian Faces of 2020" ("Азиялық келбеттегі ең сымбатты ер адам") байқауына кандидат ретінде ресми түрде ұсынылып, алғашында төртінші орыннан бой көрсеткен болатын. Әлеуметтік желі қолданушылары онлайн дауыс беру арқылы ең сымбатты 100 ер адамды анықтады. Тізім Instagram-дағы tccasia_official ресми аккаунтында және TCCAsia каналының Weibo парақшасында жарияланды. Байқау нәтижесіне сәйкес, Димаш Құдайберген 20-шы орынға жайғасқан. Бұл жаңалықпен Instagram желісінің zhongxindeying парақшасы да бөліскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1932216-aziyadagy-en-symbatty-er-adam-dimas-qudaibergen-king-choice-reitinginde-ekinsi-orynga-syqty/

pixel